Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада алдағы 5 жылдың жоспары айқындалды

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2021
  • 1869

Қызылорда облысында алдағы 5 жылда 5 мың адам тұрғын үймен, тағы 67 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылатын болады. Сонымен қатар, 24 денсаулық сақтау нысаны мен 12 жаңа мектеп пайлануға беріледі. Игі бастамалар, облыстық «Nur Otan» партиясы филиалының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған "Жол картасы" аясында қолға алынбақ. Облыстық мәслихаттағы нұротандықтар бас қосып, Жол картасыны талқылады.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Еліміз бен өңірлерді дамытуды көздейтін партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы қабылданып, облыс халқына насихатталды. Бұл тұрғындардың басым қолдауына ие болды. Ендігі кезекте осы бағдарламадағы шараларды мерзімінде жүзеге асыру міндеті тұр.


М. Тоқтасынқызы