Алматыда мұқтаж жандарға арналған ерекше шаштараз ашылды. Әлеуметтік салон мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға тегін қызмет көрсетеді. Игі бастамаға қалалық мәслихаттың депутаты Ерболат Қасымов қолдау білдірген. Депутат, әлеуметтік мекемеге - қажетті құрал-жабдықтарды әперген.
Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қазіргі жағдайда көпбалалы аналардың балаларына өте көп қаражат кетеді шашын алуға. Мектепке дайындығы да бар. Сондықтан осы жобаны қолдағанбыз. Тегін келеді, тегін шаштарын қияды.
Мұнда өз бетімен бара алмайтындар үшін де жағдай жасылыныпты. Шаштараз үйіне барып, қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жоба ұйымдастырушылары осында оқыту курстарын да ашқан. Оқып жүріп, табыс табуға болады дейді. Оқу курстарында белгілі топ өкілдеріне ақысыз өткізбекші.
Сәлима КӘРІБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Бұл проектке үлкен рахмет. Осындай көпбалалы, жағдайы жоқ семьяларға үлкен мүмкіндік береді. Балалардың шашын қиюдың өзі үлкен ақша тұрады. Осы салада өзімнің негізі арманым болған. Болашақта салонымды ашамын.
Ә. Лесбек