Балаларға арналған көркем әдебиетінің қатары толықты. Ақын, аудармашы Саят Қамшыгер, башқұрттың жас жазушысы Айгиз Баймұхаметовтің «Тастамашы, ана!» повесінің жалғасын көпшілікке таныстырды. Кітапта ата-анасынан айрылған балалардың аянышты тағдыры баяндалған. Аудармашы, шығарма балаларға ғана емес, ересектерге де ой салатынын айтты. Жас ұрпақтың мейірімге зәру екенін көрсетеді деді. Кездесу барысында астаналық мектеп оқушылары, ақын өлеңдерін оқып, аудармасынан үзінді оқыды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада өткен шара барысында, балалар әдебиетінің кемшін тұстары да сөз болды.
Саят ҚАМШЫГЕР, АҚЫН, АУДАРМАШЫ:
Балалардан сұраймын не оқығың келеді деп. Олар айтады бізге дейді осыдан 30-40 жыл бұрынғы жазушының балалық шағы қызықсыз дейді. Қазір заман басқа ғой. Олар қиялмен басқа әлемдерге ұшқысы келеді+ Бізге осындай шығармалар ұсынасыз ба, деді. Бар ма, деді. Ал олар сол «Властелин колецті», «Гарри поттерді» ағылшынша, орысша біздің ұрпағымыз оқып жатыр. Сондықтан біз ол олқылықты толтыруымыз қажет.
Б. Сатуов