Русский Сайттың толық нұсқасы

1-ші наурыздан мұғалімдерге екпе салынады

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2021
  • 2716

Қазақстанда 19 мың 500-дей ақ халатты, коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырды. Денсаулық сақтау министрлігі олардан әзірге кері реакция байқалмағанын айтады. Дәрілік препараттың алғашқы дозасын қабылдағандар келесі аптадан бастап екінші компонентін салдырады. Бұдан бөлек, 1-ші наурыздан бастап, Ресейдің екпесі 150 мың педагог пен медициналық қызметкеріне тағайындалмақ. Орайы келгенде айтайық, елдегі эпидемиялогиялық жағдайға тұрақталып келеді. Өткен тәулікте кеселдің 900 жаңа жағдайы тіркелді.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Ауруханаларда коронавирус жұқтырған 4891 адам ем қабылдап жатыр. Науқастардың арасында 255 емделушінің жағдайы ауыр, 43-інің өмірі қыл үстінді. Сондай-ақ, сырқаттардың 41-і өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Бұдан бөлек, кеселден өткен тәулікте 9 адам көз жұмды. Былтырдан бері тіркелген өлім дерегі 2683-ке жетті.

Кейбір елдерге «ПФАЙЗЕР» және «БИОНТЕКХ» вакциналары жүкті әйелдерге егіле бастады. Ғалымдар оларды босанғанға дейін және баласы 6 айлық болғанша бақыламақ. Бұдан бөлек, шетелде коронавирустың «жұмбақ» штаммдары көбейіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инфекцияның таралуын әлеуметтік арақашықтықта сақтау арқылы ғана баяулатады дейді. Сонымен бірге, қарапайым гигиеналық талаптары да ұмыт қалдырмаған жөн екенін ескертеді.  

А. Данияр