Русский Сайттың толық нұсқасы

Полициядан қашқан жол талғамайтын көліктен 25 қапшық балық табылды

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2021
  • 1838

Ал, Батыс Қазақстан облысында полициядан қашқан көлік, қарға батты. Тәртіп сақшысының талабына құлақ аспаған оралдық енді заң алдында жауап береді. "Орал-Атырау" тас жолының бойында болған, "даладағы қуғын" операциясын, жолай өткен көлік жүргізушісі телефонға түсіріп алған. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, жол талғамайтын тұлпарды тізгіндеген азамат, өзін тоқтатқан полицейлерден қашып құтылуға тырысқан. Тіпті жолын бөгеген патрульдік көлікті айналып өткен ол трассадан түсіп, даламен қашпақ болады. Бірақ омбы қарға көлігі батып, алысқа ұзай алмады. Оның автокөлігін тексере келе, 25 қапшыққа салынған қара балық табылған.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:


Полицияға бағынбаған жүргізушінің үстінен әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің екі бабы бойынша хаттама толтырылды. Ал көліктен табылған балыққа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыдан бір апта бұрын "Атырау-Орал" тас жолының бойында жол апатына ұшыраған екі джиптен де 24 қапшық балық табылған еді. Жүргізушісі рөлге ие бола алмаған жүрдек көліктер жол жиегінде аударылып қалған болатын. Көліктен табылған құжатсыз балық үшін полиция олардың да үстінен де қылмыстық іс қозғады.

Е. Карин