Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда боулинг, бильярд орталықтарының қожайындары көмек сұрайды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2021
  • 1857

Атырауда тағы да кәсіпкерлер бас көтерді. Бұл жолы боулинг, бильярд, компьютер және балалар ойын-сауық орталық қожайындары кәсіптерінің құрдымға кетіп жатқанына шағымданды. Бір жыл бойы тоқтаған бизнеске жан бітіруге үшін кәсіпкерлік палатасынан көмек сұрай келді.  

Мына балалар ойын-сауық кешеніндегі 130-ға тарта ойын аппараты мен  аттракционның шаң басып тұрғанына 1 жыл. Бұрын мұнда күніне кем дегенде 100-ге тарта бала келетін. Кәсіпкер орталық жұмысына рұхсат берсе, барлық санитарлық талаптарды сақтар едік,- дейді.

Жанаргүл ЖОЛДЫҒҰЛОВА, ОЙЫН САУЫҚ КЕШЕНІНІҢ БАСҚАРУШЫ МЕНЕДЖЕРІ:


Бір күнде отыздан аса қоңырау түседі бізге. «Қашан ашыласыздар?»- деген. Қалай карантин басталды содан бастап жұмыс жасамаймыз. Қазіргі таңда өзіңіз көріп тұрғаныңыздай бәрі қаңырап қалды. 30-дан астам сотрудник жұмыссыз қалды. Бұрын ай сайын 5 млннан аса табыс тапсақ, қазір -  нөл.

Карантин басталғалы қаладағы 18 бильярд орталықтың тең жартысы банкрот болған. Қалғандары шығынға батса да, үміттерін үзбей келеді. Алайда жан-жаққа шашырап кеткен мамандарды жинап, жұмысты қайта ұйымдастыру да оңай болмайтыны анық,- дейді шығынға шаш етектен батқан кәсіпкерлер.
 
Жолдасқали АЙМҰРАТОВ, ҚР БИЛЬЯРД СПОРТЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:


8 столдың матасын ауыстыру матасымен, жұмысымен бірге миллион жарымға шығады. Бір жыл тұрды тозып қалды. Енді бәрімізде де кредит бар, коммуналдық шығын, тұрмыстық шығын, балаларды да асырау керек. Мен тамыздан бері жүрмін СЭС-та. СЭС айтады «Алматы рұхсат бермей мен бермеймін»,- деді. Болды.

Бибігүл ШИТЕНОВА, КӘСІПКЕР:
 
Общепид, тамақ жақты ашқасын біз ойладық  бізді де ашатын шығар деп. Тек қана алты жол бізде. Алты жолда 5-5-тен ойнағанда, отыз шақты адам ойнайды. 50-ге де толмайды екенбіз. Соны біз ойладық бізді ұмытып кеткен шығар.
 
Бизнес өкілдері өздерінің барын еске салып, кәсіпкерлік палатасына келді. Көмек болмаса кәсіп құрдымға кететінін айтып, тығырықтан жол табуға көмек сұрады. Ондағылар пандемияның шағын және орта бизнестің аяғына тұсау боп тұрғанын мойындайды.

Абдолла ИДРЕСОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Арыздарын қабылдадық.  Өзіміздің тарапымыздан облыстық әкімшілікпен  және республикалық ведомство аралық комиссия бар. Соған ұсынамыз, көтереміз. Кейбір облыстарда шешім қабылдап сан врачтармен рұхсат  берілген.  Бізде неге нақты шешім қабылдамайды деген.

Ал аймақ эпидемиологтарды еліміздің бас санитарының қаулысына сәйкес, «жасыл аймақ» қатарында болса да, бұл бизнес орындарына ашуға рұхсат жоқ екенін ашып айтты.

Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бұл ойын-сауық шаралары болып есептеледі. Көп адам жиналатын. Сондықтан онда адамдар ұзақ уақыт болады бірге. Және сол жерде сақтық шараларын қалай олар ұйымдастырады? Соған нақты ұсыныспен шықса, мүмкін сонда Үкіметте не болмаса денсаулық сақтау министрілігінде бұл мәселе қаралып,  сонда ғана шешемін табады деп ойлаймыз.

Яғни бұл кәсіптің нақты қашан ашылары бәрібір белгісіз боп қалды. Бизнес өкілдері егер жергілікті жерде шешілмесе, Президентке хат жазамыз деп отыр.  Айта кетейік, Атырауда пандемия кезінде 1800-ге тарта шағын және орта кәсіп иесі зардап шеккен.  

Б. Нәдірқызы