Русский Сайттың толық нұсқасы

Көпбалалы отбасылардың мәселесін «Nur Otan» партиясының мүшелері өз бақылауына алды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2021
  • 1741

Көпбалалы отбасылардың мәселесін «Nur Otan» партиясының мүшелері өз бақылауына алды. Алматыда бүгін көпбалалы аналар мен «нұротандықтардың» қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Тараптар қоғамдағы өзекті  мәселелерді сөз етті. Әсіресе әлеуметтік жеңілдіктер, жұмыспен қамту, баспанаға несие рәсімдеудің аясын кеңейтуді туралы ұсыныстар айтылды. Көпбалалы аналар жәрдемақы көлемін қайта қарауды ұсынды. Жиналғандардың ұсыныстарын қалалық мәслихаттың депутаты Ермахан Ибраимов тындады.

Ермахан ИБРАИМОВ, АЛМАТЫ қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгін шын мәнінде көпбалалы отбасылардың басында бар мәселелер қозғалды. Біз депутаттар «Nur Otan» партиясымен бұл проблеманың бәрін бірлесіп шешетін боламыз.

А. Төребекқызы