Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда мәйітхана басшысы 14 млн теңге пара алған деген күдік бар

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2021
  • 1973

Алматыдағы мәйітхана директоры бюджет қаражатын жымқырып, оған серіктестік құрған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі осындай ақпарат таратты. Мамандар қалалық паталоГоанатомиялық бюроның директоры Б. Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтаған. Директор 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған келісім-шарттан 4,5 млн теңге жымқырған деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда іс-материалдары сот қарауына жөнелтілген.

АЛМАТЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҚЫЗМЕТІ:

Одан бөлек Б.Әлібеков мақсатын жүзеге асыру үшін заңмен тыйым салынғанына қарамастан «Veritas Primus» ЖШС құрып, сол арқылы қаржыны жылыстатқан. Мұнымен қатар күдікті салынып жатқан жаңа паталогоанатомиялық бюроға құрал- жабдықтар жеткізушінің актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 14 000 000 теңге көлемінде пара алған.