Русский Сайттың толық нұсқасы

Аукционмен сатылған жер учаскелерінің қомақты қаржысы қазынаға түспеген

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2021
  • 1898

Сайда саны, құмда ізі қалмаған. Атырауда аукционмен сатылған жер учаскелерінен 151 миллион теңге қазынаға түспеген. Бұл жайында Жер қатынастары бөліміне аудит жүргізу кезінде белгілі болды. Өндірістік база құрылысын салуда жеңімпаз атанған кәсіпкерлер ақшаны төлеуге келгенде сараңдық танытқан. Мәселен, қала маңындағы бірнеше гектар аумақ 120 млн теңгеге саудаланғанымен, мемлекет қазынасына тек 12 мың теңге ғана түскен. Бұл бір ғана жағдай емес. 2 млн теңгеге саудаланған жер учаскесі үшін тағы біреу 21 мың теңге ғана төлепті.  Тіпті кейбір пысықайлары құны миллиондарға бағаланған өндірістік маңызы бар аумаққа қара бақыр төлеп, кері сатып үлгерген. Тексеру комиссиясы келісім-шарт бойынша түбіртек пен төленуі керек соманың сәйкес келмейтіні анықтап отыр. Енді қомақты қаржынының қайда кеткенін арнайы мамандар анықтайтын болады.

Асылан ҚҰМАРОВ,  АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 
Аудит нәтижесімен анықталғандай 5 келісім-шарт 151 миллионнан астам бюджет қаражатқа түспегені белгілі болды.  Осы аталған фактілер бойынша біздер жинақталған материалды құрамда қылмыс белгілерін анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолдадық.


Б. Нәдірқызы