Русский Сайттың толық нұсқасы

Апатты жағдайда жерге қонған Ан-2 ұшағының қозғалтқышы істен шыққан

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2021
  • 1315

Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл жағдайда жыраға қонды. Боралдайдан Кегенді бетке алған санитарлық рейсте 5 адам болған. Абырой болғанда адамдар дін аман. Олар екі экипаж мүшесімен, үш медициналық қызметкер.
 
Төтенше жағдай түскі уақытта болған. Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан ұшып шыққан. Бір жарым шақырым қашықтықтан соң шұғыл қонуға мәжбүр болыпты. Өйткені қозғалтқыштан ақау шыққан көрінеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің болжамы осы.  

Нұрлан АҚҚҰЛОВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ АВИАЦИЯЛЫҚ ОҚИҒАЛАР МЕН ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫ ТЕКСЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
«Азия Континенталь» әуе компаниясының АН-2 ұшағы Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқыс оқиғаны әуе кемесінің қозғалтқышы істен шығуынан болды деген алдын ала болжамымыз бар.

Ә. Лесбек