Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүлдіршінін өлімші етіп сабаған анасы, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2021
  • 1759

Қызылжарда бұлдіршінін соққыға жыққан анасы, енді он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бір ай бойы аурухананың жансақтау бөлімінде жатып, өмір үшін күрескен үш жастағы бала демалыс күндері жан тапсырды. Дәрігерлер сәбидің нақты неден қайтыс болғанын ашып айтпай отыр. Ал полицейлер қамауда отырған 22 жастағы әйелге қатысты қылмыстық істі басқа бапқа ауыстырған.

Жанар ТАНИШЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ БАС ТЕРГЕУШІСІ:

Кәмілетке толмағанын біле тұра ауыр дене жарақатын келтіру фактісі жөнінде ҚР қылмыстық кодексінің 106 бабы екінші бөлігі денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қыздың қайтыс болуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы қылмыстық кодекстің 106 бабының үшінші бөлігіне қайта сараланды.

Еске салайық, қаңтардың 17-cі күні анасының жұдырығынан кейін сәби есінен танылып, төсек тартып қалған. Кейін дәрігерлер оның бас сүйегі қатты зақымданғанын хабарлады. Бұдан бөлек баланың тұла бойынан басқа да жарақаттар анықталған. Зомбылық әрекетінен кейін тәртіп сақшылары қаныпезер ананы бірден қамауға алды. Анасының әлеуметтік жағдайы төмен болған соң, сәби алдымен балалар үйінде, кейін біршама уақыт әкесінің қолында тәрбиеленген. Артынша тасжүрек ана сәбиді қайтарып алған екен.

А. Құрманкин