Русский Сайттың толық нұсқасы

Талғар аудандық ауруханасының дәрігерін не үшін ұрған?

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2021
  • 2690

Алматы облысындағы Талғар аудандық ауруханасында сұмдық жағдай! Медициналық мекемеге ем қабылдауға келген науқастың, туысы дәрігерді аяусыз соққыға жыққан. Мұнымен қоймай дәрігерде балағаттаған. Оқиғаның жай-жапсарын әріптесім Әсем Лесбек біліп келді.

Оқыс жағдай ақпанның 27-сінен 28-не қараған түні болған. Ауруханаға «соқырішек» диагнозымен түскен келіншектің ұлы, науқасты қабылдаған хирургты ұрып жіберіпті.

Гүлжан ҚОЙШЫБАЕВА, ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


«Соқырішек» диагозымен ауруханамыздың қабылдау бөліміне әйел адам түсті. Хирург-дәрігеріміз науқасты толық қарап, олардан гинекологты күте тұруын өтінген. Сол сәтте, келіншектің ұлы емдеу процесіне араласып, әдепсіз сөйлеп хирургтың басынан ұрып жіберген.

Қатты соққыдан 31 жастағы дәрігердің миы шайқалған. Қазір ол травматалогиялық бөлімде ем қабылдап жүр.  

Қарлығаш ҚАСЫМБЕКОВА, ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі кезде дәрігеріміз травматология бөлімшесінде ем алып жатыр. Диагноз «сотрясение головного мозга, закрытая черепная мозгавая травма». Жағдай қазір қалыпты. Емді толық алып жатыр. Бір жеті күндей ем алады.

Хирургтің өзінен мән-жәйді толық білгіміз келді. Бірақ тікелей тілдесу мүмкін болмады. Десе де телефон арқылы полицияға арыз жазғанын білдік.

Қуандық, ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ:


Внезапный удар болды ғой былайша айтқанда. Не ұнамады мен әлі түсінбеймін оған. Бірінші рет болып тұр менің практикамда осындай жағдай. Аяғына дейін барамын, әрине ол наказаниясын алу керек. Ол преступник мен үшін.

Ал соққыға жыққан жігіт кінәсін толық мойындап отыр. Ол медициналық мекемемен ондағы дәрігерлерден кешірім сұрады.  

Нұрғиса ӘЛІШОВ:

Анам ауырып жатыр мына кісіні қарамайсыздарма деп едім, гинегологты күту керек деді. 40 минут тостым, ертен келетін гинеколог па ол деп сұрап ем, жаныма келді да, «е сен қайда асығып тұрсың» деді. Содан мен ашумен оны итеріп жібердім. Мен өзімді кінәмді мойындап тұрмын. Кешірім сұраймын.

Сондай-ақ ер адам жәбірленушінің барлық шығынын төлеймін деп отыр. Әйтсе де дәрігер арызын кері алмауға бекінген. Қазір полиция бұл іс бойынша тергеуді бастапты.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жалпы аурухана басшысы мұндай фактілердің назардан тыс қалмауы тиіс деп отыр. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің құқығы барынша қорғалуы керек дейді. Сондықтан олар мекеме атынан сотқа арыз жазған.


Ә. Лесбек