Русский Сайттың толық нұсқасы

Біртұтас ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз - Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2021
  • 2154

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та, қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады.  Ол айтулы мерекені халықтың өзара қамқорлығы мен мызғымас ынтымағы дәріптелетін күн деп атап өтті. Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда,-деді. Қасым-Жомарт Тоқаев барша отандасымызтарға жасампаз еңбегі үшін өз алғысын білдіретінін жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз. Біз біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз. Бәріміз бірге әділетті қоғам құрып, мемлекеттілігімізді орнықтыра түсеміз деп сенемін.

Ғ.Өтемісов