Русский Сайттың толық нұсқасы

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар, зейнетке 53 жастан шығуы қажет

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2021
  • 3147

Ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отырған ана зейнетке 53 жастан шығуы қажет. «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қоры осындай бастама көтерді. Бұл санаттағылардың көпшілігінде баспана мәселесі шешілмеген. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбилеп отырған ана, жұмыс істей алмайды. Тиісінше әлеуметтік осал топтарға үй алу үшін ұсынылған бағдарламаларға, бастапқы жарнаны жинап және айлық төлемді жасаудың өзі қиын.

Салтанат РАКИШЕВА, «БАҚЫТТЫ ШАҢЫРАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Үй кезегіне әлеуметтік осал топтар қатарында тұрмыз. Ол топқа, мәселен өзге елден оралған қандастар да кіреді. Сондықтан бізді, яғни ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбилеп отырған отбасыны бөлек категория ретінде үй кезегіне қойса дейміз.

Бұл бастаманы қоғам белсенділері елордадағы «Жанұя» институтына жиналған қалалық мәслихат депутаттарымен бөлісті. Олар көтерілген мәселенің орынды екенін айтып, алдағы уақытта бастаманың тиісті деңгейде көтерілуіне күш салуға уәде етті.

Ә. Өмірзақ