Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдегі барлық ауылда медицина ұйымдары сапалы интернетпен қамтылсын - Премьер-министр

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2021
  • 1646

Ел ішіндегі медицина ұйымдары сапалы интернетпен қамтылуы тиіс. Денсаулық сақтау нысандарының инфроқұрылымын да дамыту қажет. Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин, аймақ басшыларына осындай тапсырма жүктеді. Бұл шаралар ауылдарда медициналық қызмет көрсетуді онлайн форматта жүргізу, телемедицинаны дамыту үшін қажет екендігіне назар аудартты. Сондай-ақ жас медицина қызметкерлерін, әсіресе ауылға жұмысқа келген мамандарды материалдық ынталандыру бойынша шаралар қабылдау керектігін ескертті.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:


Ауылдарда жұмыс істеуге жас медицина мамандарын жаппай тарту, оларды ынталандыру қажет екенін атап өткім келеді. Әсіресе Түркістан, Ақтөбе облыстарында жас кадрларды материалдық ынталандыру жұмысы жеткіліксіз жүргізілуде. Бұл бағытта Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарының жас мамандарды әлеуметтік қолдаудағы тәжірибесін пайдалану керек.

Асқар Маминнің айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін 487 жаңа нысан салу жоспарланған. 600-ден астам алғашқы медициналық көмек көрсету нысандары күрделі жөндеуден өткізілмек. Қабылданып жатқан шаралар елді-мекендерді медициналық көмекпен қамтуды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді,-деді Премьер-министр.

Ғ. Өтемісов