«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының Павлодардағы филиал басшысы, қарамағындағылардан сыйақы алды деген күдікке ілікті. Ол орынбасарымен бірлесе отырып, жүйелі түрде 100-ден аса қызметкерден ай сайын ақша жинап отырған. Бұл туралы аймақтағы экономикалық тергеу департаменті хабарлайды. Басшылары қызметкерлерін жұмыстан шығарамын деп қорқытқан. Осылайша, ол ақша бергендерді «өз қамқорлығына» алыпты. Департамент өзге ақпаратты тергеу құпиялығына байланысты жария етуден бас тартты.
Максим ЗЕНГЕР, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Оның 4 жыл бойы орынбасарымен бірге 100-ден аса қызметкерінен ақшалай сыйақы алып келгені анықталды. Сыйақының көлемі 8 бен 10 мың теңгенің аралығында. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ө. Қуанар