Қостанай облысында қос көлік бетпе-бет соғылып, оқиға орнында жолаушылардың барлығы жан тапсырды. Жол көлік апаты Әулиекөл тас жолында болған. Полицияның алдын-ала болжамына сәйкес Нұр-Сұлтан бағытындағы «Лексусте» 3 адам. Ал облыс орталығына жылжыған «Паджеро» көлігінде 4 жолаушы болған. Марқұмдардың үшеуі әйел. Полиция көлік апатының себеп-салдарын кейін хабарлайтынын жеткізді.
З. Санай