Елордада су басу қаупі бар 29 учаске анықталған. Төтенше жағдай мамандары қазір қар шығару жұмыстарын қауырт қолға алған. Бүгінгі таңда қауіпті аймақтарда тасқынның алдын-алу үшін оқу-жаттығу жұмыстары көзделіп отыр. Айта кетейік, қауіп күшейген жағдайда 4 қонақ үй мен 10 уақытша орналасу пункті дайын тұр деді.
Есен БАЙЫРОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қала аумағында 763 мың 145 куб.метр қар шығарылды. Астана тазалық базасында 12,6 тонна инертті материалдар қоры дайындалды және де үш жарымың қаптар дайындалды. Төтенше жағдайлар болған уақытта 112, 101 телефондарына звандап және де өздерінің құжаттары әрқашанда дайын болуы керек.
Б. Сатуов