Русский Сайттың толық нұсқасы

Алты мыңға жуық қазақстандық ескі көлігін сертификатқа айырбастаған

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2021
  • 2266

Алты мыңға жуық қазақстандық ескі көлігін сертификатқа айырбастап, оған жаңа темір тұлпар алған. «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторы өткен жылдың қорытындысын жариялады. Басым көпшілігі жеңіл автокөлік сатып алған. Сондай-ақ 415 бірлік жүк көлігі, 12 автобус және 2 дана агротехника сатып алғандары да бар көрінеді. Тақырыпты әріптесім жалғастырады.
Константин Баньщиков ақмолалық кәсіпкер. Істен шыққан ауыл шаруашылық техникасын, өткен жылы утилизацияға беруге шешім қабылдапты. Осылайша алғашқылардың бірі болып, бірден 6 тракторын өткізіпті.  Артынша әрқайсысына миллион теңгеден санап алған.

Константин БАНЬЩИКОВ, КӘСІПКЕР:
 
Ескі, істен шыққан техниканы қайта өңдеуге өткізу біз үшін өте пайдалы. Мәселен мен жарамсыз тракторды темір алатын жерге өткізсем әлдеқайда аз ақша алар ем. Ал осы бағдарлама аясында әрқайсысына 1 миллион теңгеден берілді.


«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторы ұсынған сертификатты, Қазақстанда құрастырылған  көлікке алмастыра аласыз. Мәселен өткен жылы 6 мыңға жуық қазақстандық, осы әдіспен жаңа автокөлік алған. Оның ішінде 5 мыңнан астамы жеңіл көлік. Тіпті жүк көлігіде аза емес.  12 автобус пен 2 агротехника сатып алыныпты. Айтып өтейін, сертификатқа ақша бюджеттен емес, импортқа салынатын қайта өңдеу алымынан жұмсалады.

Қайратғали ХАЙРУЛЛА, «ӨКМ ОПЕРАТОРЫ» ЖШС СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 
Мақсатымыз - қоршаған ортаға зиян келтіріп отырған жүк көліктерін, техниканы мүмкіндігінше қайта өңдеу. Өңделген дүниені пайдалана отырып заманауи, жаңа көліктерді пайдалануға беру.


Өткен жылы 41 мың көлікті қабылдауға квота белгіленсе, биыл 45 мыңға дейін көтеріліпті. Ұсынылған көлік жағдайына қарай бағаланады екен. Мәселен ауыл шаруашылығына пайдаланылатын ауыр көліктің түрі мен жиынтығына байланысты, 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін қаржы қарастырылған.

Ә. Өмірзақ