Русский Сайттың толық нұсқасы

Шахтада жарақат алған кеншілердің аяқтары сынған

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2021
  • 2371

Ақмола облысындағы шахтада төтенше жағдай орын алды. Екі жұмысшы зардап шекті. Кеніштің кіре берісіндегі тас құлап, жұмысшылар астында қалған. Оларды төтенше жағдай мамандары құтқарған. Ал, ауа райына айланысты жедел жәрдем оқиға орнына жете алмапты. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен құтқарушылар, науқастарды арнайы көлікпен ауруханаға жеткізген. Қазір дәрігерлер науқастардың жағдайын ауыр деп бағамдап отыр. Әріптесім Асылбек Данияр, тақырыпты тарқатады.

Төтенше жағдай түңгі 3-тердің шамасында болған. Оқыс оқиға кезінде, жерден 100 метр тереңдікте екі жұмысшы болған. Опырылған тас астында 30 және 31 жастағы жұмысшылар қалып қойды. Олар жарақат алған.
 
Олег МАЛЮК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТЖД ДАҒДАРЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Бүгін түнгі 3 сағат 2 минутта Ақбейіт ауылына көмек қажет екендігі туралы телефон хабарламасы түсті. Шақырылған жерге құтқарушылар жоғары жылдамдықпен жүретін «TREKOL VEGA» көлігімен жіберілді. Жұмысшылар 100 метр тереңдікте қалып қойды, жағдайлары ауыр болды. Басқа кеншілер оларды шығарып алған. Олар өздері құтқарушылар келгенше медициналық көмек көрсетті.

Дәрігерлер жарақаттанған кеншілердің, аяқ-қолы сынғанын мәлім етті. Жағдайларын қалыпты ауыр деп бағалап отыр. Дегенмен өміріне қауіп жоқ деді.

Арайлым ҚАСЫМЖАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Астрахан ауданында жаңағы екі адам жарақат алды. Олардың жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесі. Хирургиялық ем керек емес.


Апат болған, алтын кеніші өткен жылдың қазан айында жұмысын бастаған. Кәсіпорының бас директоры осы уақытқа дейін мұндай жағдай болмағанын жеткізді. Жұмысшылар алтын іздеуге шыққанын айтады.  Олардың денсаулығы түзеліп, жұмысқа шыққанша көмектесеуге ниетті. Тіпті, жалақылары да тоқтатылмайды деп отыр.  

Қайрат ҚАПЫЗОВ, ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жігіттер біздің компанияда біраз уақыттан бері жұмыс істейді. Олармен үнемі жақсы қарым-қатынаста болдым. Олар ауруханада жатса да, жалақылары төленеді. Отбасыларына да көмектесеміз. Қазір олар бізге ешқандай талап қойып отырған жоқ. Олар ауруханадан шыққан соң да бізге келе алады. Жеңіл жұмыстарға ауыстырамыз.

Ақ халаттылар шахтерлардың бірінің, жамбас сүйегінде жабық сынығы бар екенін хабарлады. Ал екіншісінің сол аяғында ашық сынықтары болғанын айтты. Олар қазір аудан орталығы Астраханда жатыр.

Асылбек Данияр