Русский Сайттың толық нұсқасы

Базардағы нәзік жандыларға 600 гүл шоғы таратылды

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2021
  • 2797

Халқаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, елорда базарларындағы нәзік жандыларға 600 гүл шоғы таратылды. Мерекелік шараны Нұр-Сұлтан қалалық «Астана жастары» мекемесі ұйымдастырды. Айтуларынша шара 30 игі іс ұранымен «Қайырымдылық істер марафоны» жобасы негізінде қолға алынған. Демеушілер көмегімен іске асырылған шараға еріктілерде өз үлесін қосты.

Оғылай ТҰРӘЛИЕВА, САТУШЫ:


Волонтерларға рақмет, әйелдерді құрметтеп 8-мартпен құттықтағаны үшін. Осы сатушыларды да құттықтайтын адамдар бар екен гой. Рақмет айтамыз үлкен-үлкен.


Оразбек БАУБЕК, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» КММ ВОЛОНТЕРЫ:


Апа-қарындастарымыз, аналарымыздың көңіл-күйін көтеру үшін осындай бір іс-шараны жүргізіп жатырмыз.


Науқандағы негізгі мақсат, қыз-келіншектерді, аналарды құрметтеуге шақыру дейді шараның басы-қасында жүргендер. Сонымен қатар қоғамда игі дағдыларды қалыптастыру деп отыр. Айта кетейік, аталмыш шара «Астана жастары» қолдауымен, 3 жылдан бері дәстүрлі түрде 8-наурыз мерекесі қарсаңында өтіп келеді.

Қайрат ҚАМБАРОВ,  НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бәріміз осы сауда орындарында, өзіміздің ақ жауылықты аналарымыз, апаларымыз, қарындастарымызды құттықтап, бір көңіл-күйлерін көтеріп соны өзімізге құрмет көрдік. Сол себептен бүгін мың бір гүл деп отырмыз , гүл шоқтарын таратып жүрміз.

Б. Сатуов