Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында он бір жыл бұрынғы қылмыс ашылды

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2021
  • 2091

Қостанай облысында баласын иен далада өлтіріп тастап кеткен тасжүрек әйелдің қылмысы әшкерленді. Күдікті жантүршігерлік әрекетті осыдан 11 жыл бұрын жасаған боп шықты. Тергеу барысында күдікті күйеуінің үйден қуып шыққанын айтқан. Ашуға булыққан әйел бір жарым жастағы баласын айдалаға апарып, тұншықтырып өлтірген. Ол қызының денесін ауыл шетінде қалдырып кеткенін мойындапты. Өзі басқа ауданға көшкен. Алайда қатігез ана нұсқаған жерден баланың сүйегі табылмады. Ол маңға жол салынған көрінеді. Сәбидің дүниеге келгені туралы азаматтық хал актілерінде тіркелген. Бірақ қазір қайда екені белгісіз. Тірі болуы да мүмкін дейді тергеушілер.


Артем ТКАЧЕНКО, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Оның кінәсін мойындауы негізінде айып тағылмайды. Өйткені өзге обьективті дәлелдер жоқ. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Әлгі әйел толық кінәсін мойындаса да, оны қылмыстық жауапкершілікке  тарта алмаймыз.


З. Санай