Павлодарда мүгедек бала асырап отырған аналар бас көтерді. Олар заңнамаға өзгертулер енгізуді сұрайды. Себебі, жарымжан балаға 18-ге толғаннан кейін де жәрдемақы төлеу қарастырылмаған. Аналар осы олқылықтың орнын толтыруды талап етті. Аймақта оңалту орталықтары да тапшы. Небәрі 4 ғана мекеме жұмыс істейді.
Алина Петухова – 17 жаста. Туғанынан сал ауруына шалдыққан. Өздігінен жүріп- тұра алмайды. Анасының көмегімен бүгінгі жиынға келген. Бойжеткен енді біраз күннен соң, 18-ге толатынын айтады. Кәмелет жасына толған соң, оған оңалту орталығанда ем-дом қабылдау ақылы болмақ.
Алина ПЕТУХОВА, I-ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК:
18 жастан асқан соң тегін ем алу қарастырылмаған. Ал жеке меншік орталықтарға баруға шамамамыз келмейді. Жеке орталықтар у-дай қымбат. Ал керекті дәрі-дәрмектеріміздің өзін, қазір бермейтін болды. Өйткені, заң бойынша созылмалы ауруы бар адамдарға ғана береді. Сонда біз сияқты мүгедек адамдар өле берсін дегені ме?
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңындағы өзгерістер, жарымжан бала асырап отырған ата-аналардың ашуын тудырып отыр. Өйткені, заңда олардың кәмелетке толған кейін жәрдемақы төлеу жағы қарастырылмаған. Ал оңалту орталығанда ем-дом алу да ақылы болмақ. Айгерім Жақсылықованың да қызы сал ауруына шалдыққан. Өздегінен қозғала алмайды.
Айгерім ЖАҚСЫЛЫҚОВА, МҮГЕДЕК БАЛА АСЫРАУШЫ:
Реабилитционный центрға барайын десем, мен онда сен өзің төлеу керексің. Өзің үшін ақша төлеу керексің. Балаға бесплатно. Бізге 10 күнге 85-75 мың төлеуің керек. Өзіңе тек ғана сонда болғаның үшін 10 күнге. Ал бізде Реабилитция 24 күн. 1 ай санаңызшы қанша ақша керек. Бір күйеуім ғана жұмыс істейді.
Орталық демекші, Павлодар облысында мүгедек балалармен жұмыс істейтін орталықтар жоқтың қасы. Бар дегенінің өзі жекенің қолына өткен. Аймақта қазір бар-жоғы 4 оңалту орталығы жұмыс істейді.
Фарида СЕЙСЕНБАЕВА, МҮГЕДЕК БАЛА АСЫРАУШЫ:
Біздің балаларға индивуальный прогрмассы бар әр балаға жасалған. Онда мына балаға дефектолог керек, мына балаға психолог, мынаған логопед керек деп. Сол жазылған нәрсені біз алуымыз керек заң бойынша. Ал біз ала алмаймыз толық. Сондықтан біз өзіміздің күйіміз шамамыз келгенше әрбір ата-ана ақылы түрде апарады бала үшін.
Наразы топтың мұң-мұқтажын тыңдаған шенділер, оңалту орталықтарының мәселесін шешіп беретін болды. Жаңадан салмақшы. Бірақ қашан салатындарын өздері де білмейді. Дегенмен жиналғандардың ұсыныстарын қарауға уәде етті.
Альмира ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Мысалы, мүгедектігі бар азаматтардың наразылықтарын тудырып жатыр. Өйткені, кейбір заңнаманың талаптары қайшы келіп тұр соған. Сондықтан бүгінгі осы жиылыс осындай мүгедек бала асырайтын ата-ана өз ұсыныстарын енгізіп жатыр. Сондықтан, бар ұсыныстар қаралып, тиісті шешімге келіп, министрлікке беріліп, қарауға беріледі.
Айтып өтейін аймақта 27 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 3 мыңға жуығы кәмелет жасына толмаған балалар.
Ө. Қуанар