Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау мектептері аралас оқытуға дайын болмай шықты

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2021
  • 4364

Атырау мектептері аралас оқытуға көшкенімен, оған дайын болмай шықты. Аймақтардағы педагогтар вакцина алып болмастан, орта мектептердің 70 пайызы оффлайн білім беруге аяқ асты көшті. Балалар үшін бұл қуанышты жаңалық  болғанымен, аймақ шенділері карантин алгоритімін ұстануды дұрыс ұйымдастыра алмады. Шымкенттегі жағдай да мәз емес. Оффлайн оқытуға көшер-көшпестен мұғалімдердің арасынан қауіпті инфекция анықталды. Өңірлердегі оқу үрдісін тілшіміз баяндайды.

Атырау облысы бойынша 135 мың бала, қалыпты оқу үрдісіне көшті. Бірақ аймақ мектептері аралас оқыту жүйесіне дайын болмай шықты. Ашулы ата-аналар әлеуметтік желіде мектепте түсірілген, мына тектес  видеолармен бөлісуде. Балалар кіреберісте кептеліп жатыр, енді біреулері қайда барарын білмей сабылып жүр.  Десе де облыстық білім беру басқармасының басшылығы, бұған дейін «сақадай саймыз»- деп мәлімдеген еді.

Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА,  АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Білім беру ұйымдарында, барлық санитарлық нормативтерді сақтай отырып, барлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады. Сабақ кестелерінің өзі нақтылап жасақталған. Яғни массовая скопление болмайды. Балаларды топтастырмауға жұмыстанып жатырмыз.


Ал, іс жүзінде оқушы да, ата-аналар да талапты сақтап жүргенге ұқсамайды. Қаладағы мектеп аулаларында, маскасыз топтасқандар аза емес. Оларды тәртіпке шақырған да жан жоқ. Санитарлық талаптар ғана емес, мектептегі ішкі жұмыстар да дұрыс ұйымдастырылмағанға ұқсайды.

БЛИЦ:


- Мынау деген мүмкін емес жағдай. Бірінші сынып сыныбынан адасып кетті. Қабылдай алмады. Ана жақтан киіне алмайды олар. Менің қызым кішкентай. Бір тоқсан қалғанда әрі бері шаптырды жұртты. Халықты алағай-бұлағай қылып.


- Ешбір дайындықсыз келдік. Біздің сыныпта 40 бала бар еді. Бөліп тастады. Біз сабақ басталатынын бір күн бұрын да естімедік. Кешкісін сынып жетекшісі «таңертең сабақ» деп хабарлады. Бірінші «К» сыныбында оқитын баламды «Е» сыныбына ауыстырып жібергенін ата-аналардың чатынан білдім.

Атырауда жаңа оқу жылы басталғалы 200-ге тарта оқушыдан короновирус инфекциясы анықталған. Қазір бір мектепттегі екі сынып карантинге жабық.

Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қазір №10 мектепте Атырау қаласында 2 сынып карантинге жабылды. Онда бір үйдің екі баласы ағайындарынан жұқтырып ауырғандарынан кейін , бірақ мектепке барып оқып жүргеннен кейін  қазір 14 күнге карантинге жабылды.

Шымкентте де жағдай оңып тұрған жоқ. Қаңтардан бері 12 білім беру ошағы карантинге жабылып, қайта  ашылып үлгерген. 92 оқушы короновирустық инфекция жұқтырған. Бүгінгі күні 5 мектеп карантиндік шектеуде. Ковид-19 инфекция бір мұғалімнен анықталды.
 
Айгүл ТЕКЕБАЕВА,  ШЫМКЕНТ қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
№129-шы мектебіміз солай Б қанаты ғана жабылып отыр. Бұл мектепте бастауыш сыныптың ұстазы осы байланыста болды деген анықтамамен шектеуге алып отырмыз. Ал енді басқа қанатында балаларымыз толыққанды білім алып, оқуларын жалғастыруда.

Санитарлық дәрігерлер болса, мектептерге тексеріс жүргізуге құқымыз жоқ,- дейді. Сақтық шараларына  мектеп директорлары ғана жауапты дегенді айтты.
 
Б. Нәдірқызы, А,Төребекқызы