Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорғандағы жекеменшік үйлердің бірінен ересек адамдардың мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2021
  • 3247

Талдықорғандағы жекеменшік үйлердің бірінен 60 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Әрі ес-түсінен айырылған тағы екі бала ауруханаға жөнелтілді. Оқыс жағдай түскі уақыттар шамасында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы болжамына сай, отбасы мүшелерінен ыстан уланған болуы мүмкін. Қазір аталған дерекке сай қылмыстық іс қозғалған.

Ерлан АХАШОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Департаментке Абай көшесіндегі жекеменшік үйлердің бірінде 1960 жылы туған әйел мен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына мамандар дереу жетіп, тағы ес-түссіз жатқан екі баланы үйден шықты. Олар 13 және 8 жаста. Қазір бұл оқиға бойынша сараптама жұмыстарын бастадық.

Ә. Лесбек