Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда полиция есебінде тұрған кәмелеттік жасқа толмағандар саны 5 мыңнан асады

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2021
  • 1580

Қазақстанда полиция есебінде тұрған кәмелеттік жасқа толмағандардың саны 5 мыңнан асады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк, бүгін брифингте мәлім етті. Жыл сайын түрлі ереже бұзған 100 мың жасөспірім, полиция бөлімшелеріне жеткізіледі екен. Басым көпшілі түңгі уақытта ойын-сауық орталықтарынан ұсталады. Тиісінше 65 мың ата-ана, бақылауды қамтамасыз ете алмағаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алексей МИЛЮК, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


800-ден астам дәмхана мен мейрамхана иелері, кәмелетке толмағандарды өз ғимаратына кіргізгені үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4 мың жасөспірімді ата-анасына беру мүмкіндігі болмағандықтан, олар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды.


Министрлік, балаларға қарсы жасалған зорлық фактісі жыл санап азайып келеді деді. Бірақ түбегейлі жойылмаған. Алексей Милюктің дерегінше зорлау фактісі көбіне үй жағдайында тіркелетінін айтады. Оған отбасыдағы тұрмыстық жағдай да әсер ететінін көрінеді.

Алексей МИЛЮК, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Көптеген жағдайда зорлық-зомбылыққа отбасындағы проблемалар, алкогольді пайдалану себеп болады. Бүгінде полиция есебінде 7 мыңнан астам отбасы тұр, осындай. Ол отбасыларда 11 мыңнан астам бала тәрбиеленеді. Жыл сайын 40 мыңнан астам немқұрайлы ата-ана мен заңды өкілдері, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құқығынан айырылып жататындары да бар.


Ә. Өмірзақ