Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен оқушы қыздардың бірі көз жұмды. Ал екіншісі - сегіз жастағы оқушының жағдайы әлі ауыр. Ол Шелек ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқас өкпені жасанды желдету аппаратымен жатқанын айтады.
Рустам КӘМІЛЖАНҰЛЫ, ШЕЛЕК АУЫЛЫ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Пока сол қалпы. Жағдайы ауыр. Аппаратта жатыр. Пока өзгеріс ешқандай жоқ. Күнде-күнде бізге олыстық аурузанадан даже 1-ші городской больницадан мамандар келіп жатыр, көріп.
Естеріңізге салсақ, екі апта бұрын Алматы облысының Қорам батыр ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Мас жүргізуші жолдың шетімен келе жатқан 4 оқушы қызды, көлігімен таптап өтті. Қатты соққыдан олардың үшеуі жедел ауруханаға жеткізілген. Екеуінің жағдайы өте ауыр күйде болды. Тағы біреуі облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ішімдік ішіп көлік тізгіндеген 54 жастағы жүргізуші қазір қамауда отыр. Оған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүруде. Айтып өтейік, бұл жол апатын ел Президенті өз бақылауына алған болатын.
Ә. Лесбек