Русский Сайттың толық нұсқасы

Моңғолияда соққан құмды дауылдан қаза тапқандар арасында 5 жастағы бала бар

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2021
  • 2180

Моңғолияда құмды дауылдан, 6 адам құрбан болды. Оның біреуі 5 жастағы бала. Тағы 80-і із түссіз кеткен. Оларды іздеу жұмыстар жалғасуда. Тосыннан келген табиғи апаттан, елдің батыс аудандары жарықсыз қалды. 60-қа жуық киіз үй, балабақша, мектеп, аурухана сынды 20 әлеуметтік ғимарат бүлінді. Қытайда да құм соға бастаған. Бейжің әуежайында 428 рейіс тоқтатылған. Құмды дауыл елге қауіп төндіріп тұр. Табиғаттың тосын мінезінен болған апат жайлы тілшіміз баяндайды.

Құмды дауыл екі күнде Моңғолияның 9 облысын шарпыған. Салдарынан 548 адам хабар-ошарсыз кеткен. Алайда құтқарушылар оның 467-ін тапты. Ал қалғандары әлі де іздестірілу үстінде. Тағы 6 адам бақилық болды.

Құмды дауыл Қытайдың Бейжің қаласында да жетті. Мұнда ауа ластанып, қалада көлік кептелістері орын алды. Бейжің билігі табиғаттың тосын мінезін қауіптің сары деңгейі деп бағалады. Жергілікті атқамінерлер тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес береді. Айта кетейік, мамандардың болжамы бойынша бұл дауыл, сейсенбі күні таңертеңге дейін жалғасады.

Флора ЖОУ, БЕЙЖІҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бұл бір құдды ақыр заман сияқты, өте қорқынышты. Ешқайда шықпаған жөн деп білемін.

Эрин ЖАНГ, БЕЙЖІҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бүгін ауа-райы өте қолайсыз болып отыр. Бірақ ертең түстен кейін бәрі жақсы болады деп естідім. Бұл- табиғаттың тосын мінезі. Сондықтанда қолдан келер шара жоқ.

Жойқын дауыл Катар мен Сауд Арабия мемлекеттерінде аралап өткен. Онда да жол қатынасы қиындаған. Тіпті, Катар елінің астанасы Дохада ауа-температурасы күрт төмендеп, елді бәріз әбігерге салды.

Б. Сатуов