Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдегі барлық облыста педагогтардың құқығын қорғайтын кеңестер ашылады - Министр

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2021
  • 1662

Елдегі барлық облыста педагогтардың құқығын қорғайтын кеңестер ашылады. Енді кеңес мүшелері «Педагог мәртебесі туралы» заңының дұрыс орындалуын қадағалайтын болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Ол аталған жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталатынын жеткізді. Бұдан бөлек, мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың конкурс арқылы өтетініне тоқталды. Минитстр Электронды формат арқылы нақты біліктілік көрсеткішін анықтауға мүмкіндік туды деп отыр.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Осыған қоса 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі тұрғысында сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса, квалификация алу міндеті енгізіледі.

Оқулықтарды іріктеу рәсіміне қойылатын талаптар да қатаңдатылмақ. Оның айтуынша Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша математика, тілдер және информатика сияқты негізгі пәндерге ерекше назар аударылады. «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» оқулықтары біріктірілмек. Орта білімді дамыту үшін латын графикасын енгізе отырып, 2023 жылдан бастан 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделіп отыр.

Ғ.Өтемісов