Русский Сайттың толық нұсқасы

Бажасының арқасында танылған, полиция майоры жұмыстан кетті

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2021
  • 2073

Бажасының» арқасында бір түнде, қалың елге танымал болған Түркістан облысының "Жұмабек" есімді полиция мойоры, лауазымынан босатылды. Облыстық полиция департаменті осындай шешім қабылдаған.  

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі  тармақшаларымен полиция стандарттарын бұзғаны үшін Отырар аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция мойоры Жұмабек Төлеген  атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Еске салайық, наурыздың 7-нен 8-не қараған түні Отырар ауданында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші, полицияға да бағынбай кеткен еді. Жеңіл автокөлікті тізгіндегендер, қарсы бағытқа шығып жүйткіген бейнежазбасын әлеуметтік желіде өздері таратты. Жол қауіпсіздігін сақтамаған көлікті, қарсы алдынан шыққан жол сақшысы тоқтатты. Алайда, жүргізуші аялдағанмен, полицияға бағынбады.

Шәуілдірді шулатқан Шымкент тұрғыны болса, көлік жүргізуші куәлігінен айрылуы мүмкін. Екі бірдей баппен, оның жауапкершілігін сот қарап жатыр.

А.Төребекқызы