Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы жоғары оқу орындарының көбі мүгедектерге жағдай жасамаған

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2021
  • 1733

Алматыдағы жоғары оқу орындарының көпшілігі мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасамаған. Мұны «Nur Otan» партиясының жергілікті мүшелері анықтады. Олар білім беру мекемелеріне арнайы тексеру жүргізді. Университеттерде мүгедектерге арналған жеделсаты мен пандустар жоқ. Әрі бейімделген дәретханалар да жасалмаған. Партиялықтар мұндай орындар, кейбір оқу мекемелерінде мүлдем қарастырылмаған деп отыр. Ал Алматы технологиялық университетіндегі пандус тым жоғары дейді. Арбаға таңылғандар ол жермен өздігінен көтеріле алмайды деді.

Серік ЕСМАТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мұндағы пандустар стандартқа сай жасалмаған. Көзі нашар, арбада отыратын жандар үшін бұл жермен жүріп-түру қиын. Бұл бір ғана олқылық емес. Кейбір оқу орындарында жеделсаты істемейді. Кейбіреуінде мүлде жоқ.

Айта кетейік, бұл тексеру жұмыстары, партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өтіп жатыр.  Жергілікті депутаттар оқу орындарына айына бірнеше рет бақылау жүргіуді дәстүрге айналдырмақ.

Ә. Лесбек