Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2021
  • 1803

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Elbasy.kz ресми сайты хабарлағандай, тараптар бір-бірін алдағы Наурыз мерекесімен құттықтады. Дәстүрлі түрде стратегиялық серіктестік, тату көрші, әрі екі бауырлас халықтың достығы рухында дамып келе жатқан, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастардың деңгейін жоғары бағалады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібінің қазіргі аспектілерін, сондай-ақ алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесін талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болған.