Русский Сайттың толық нұсқасы

Жезқазғанда заңсыз пәтер берген үш шенеунік, «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылды

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2021
  • 1605

Жезқазғанда заңсыз пәтер берген үш шенеунік, «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылды. Қалалық прокуратураның дерегінше, жергілікті шенділер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында, тиісті категорияға жатпайтын адамдардың үй алуына жол берген. Нақтырақ айтсақ, үй бөлу кезінде комиссия құрамында болған. Жауапсыздықтың салдарынан 9 отбасы, пәтірді босатуы керек.

Жезқазған қаласында мемлекеттік пәтер төңірегіндегі дау, үлкен резонанс тудырды. Прокуратура тексерісінен кейін «Нұрлы жер» бағдарламасымен бюджет қызметкерлері, яғни категорияға кірмейтіндер үйлі болғаны анықталды. Енді бүгінгі күні заңсыз үйлі болғандар сот шешімімен пәтерлерін босатуы талап етіліп отыр.

Азамат ТІЛҒОЗИНОВ, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

2018-де берілді Тәуелсіздік күніне. Біз 2019-дан бастап тұрып жатырмыз. Енді әкімдік үйді дұрыс бермедік, қате беріппіз деп үйді босатуымызды талап етіп жатыр.

Тұрғын үй бөлудегі комиссия құрамына нұротандықтар да мүше болғаны белгілі болды. Кейін «Nur Otan» партиясы жергілікті Саяси бюро кеңесі жіберген қателігі үшін партия қатарынан үш шендіні шығару туралы шешім қабылдады.

Сәкен ДОСХАН, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Әрбір партия мүшесі өзінің жауапты қызметінде, істеп жатқан әрекетіне, шешіміне мұқият болуы керек. Өйткені жауапсыздықтың салдарына 9 отбасы пәтерсіз қалайын деп тұр. Сондықтан да біз, саяси кеңес бюросының мүшесі ретінде осындай мәселелерді өз бақылауымызда ұстауымыз керек.    


Үйді заңсыз алды деген тұрғындар, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін пәтерлерін бірден босатуы керек. Ал әкімдік оларға жаңа баспана алып береміз деп уәде етті. Осы мақсатта 80 млн тг бөлінген.

Ә. Өмірзақ