Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейдегі стадион қазақтың ұлы ақынының атында қалуы тиіс, - Елбасы

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2021
  • 1800

Шығыс Қазақстан облысы белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы, әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Елбасы да осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді -деп жазды баспасөз хатшысы Айдос Үкібай, twitter-дегі парақшасында. Онда: «Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны, әрі философының атында қалуы тиіс», – делінген. Еске салсақ, бұған дейін Семейдің зиялы қауым өкілдері Қарағайлы ықшам ауданындағы атаусыз көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру және осындағы мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атауды ұсынған еді.