Шетел асып кеткен қазақстандықтар енді үйлеріне қайта алмай қалуы да бек мүмкін. Туропрераторлар қауымдастығы ПТР анықтамасы жоқ туристерді ұшаққа өткізбеуге бастама көтерді. Әуе компанияларына Мысыр, Біріккен Араб Әмірлігі, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Түркия және басқа да мемлекеттерден келетін отандастарымызды қатаң тексеру қажет екенін қадап тапсырған. Қауымдастық туристердің қауіпсіздігі үшін осындай қадамға барғандарын айтады. Бұл талаптарды 20-шы наурыздан бастап енгізуді сұраған. Айтып өтейін, бұған дейін туристерден тек бір-ақ рет ПТР сынамысн тапсыру міндеттеліп келген.
Гүлмира ОТАРҒАЛИЕВА, ТУРИСТІК АГЕНТТІКТІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Әр қазақстандықтың елге оралуға құқығы бар. Біз бұны шектемейміз. Десе де, қазіргі жағдай аурудың симптомсыз түрі де бар екенін көрсетті. Сондықтан, тұтынушыларымыздың елге ауру әкелмей, өздері де таза келгенін қалаймыз. Сол себепті туристер де бұған түсінушілікпен қарайды - деген ойдамыз.
Десе де, әуе компаниялары бұл өтінішті әзірге туристтерге міндеттемеген. Қазір оларға түсіндурі жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен, бұл ұсыныс әлемде тәжібрбиеде бар екенін жеткізді.
Тілек ӘБДІРАҚЫМОВ, «AIR ASTANA» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ:
«Air Astana» көліктегі бас санитария дәрігері қаулысының талаптарын қатаң сақтайды. Яғни, Қазақстанға шетелден қайтып келген Қазақстан азаматтарын ПТР-тесттер қолдарында болмаса, 3 күндік карантинге жатқызады.
Ө. Қуанар