Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда өгей әкенің ісі сотта қаралып жатыр

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2021
  • 1760

Оралда бүгін 13 жастағы өгей қызын зорлады деп айыпталған қала тұрғынының соты басталды. Батыс Қазақстан облыстық сотынан хабарлағандай, іс Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша қозғалыпты. Жәбірленуші тарап қатал жаза талап етеді.

Жәбірленуші күйеуінің үнемі өзіне қол жұмсағанын айтады. Кезекті ұрыс-керіс шегіне жеткенде, үлкен қызы өгей әкесінің өзіне жасаған озбырлығын, жылап отырып жеткізіпті. Мұндай сұмдықты бей-жай қалдыра алмағанын, сондықтан бірден полицияға жүгіндім деп отыр.  
 
ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Қызым бұл сұмдықтан әлі есін жияр емес. Қазір емделіп жатыр, психологтар оның қайта қалпына келуі, әлі 4-5 жылға созылатынын аОралйтады. Ал мұндай ауыр жан жарасы өмір бойына қалады дейді. Шынымды айтсам, күйеуімнен қатты қорқамын. Қазір қыздарымның тағдыры қыл үстінде тұр. Сондықтан сот әділ жазасын береді деп үміттенемін.

Айыпталушы тарап болса, тағынған айыппен келіспейді. Бірақ сұхбат беруден бас тартты. Ал, адвокаты бұл істің нүктесін сот қояды деді.

Мереке ҒАБДУАЛИЕВ, АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:

Бүгін сотта өзіме белгілі болған ақпаратты айтпауға міндеттеліп, қол қойдым. Конституцияға сәйкес, кінәсі дәлелденіп, сот үкімі шықпайынша, ешкімді кінәлауға болмайды. Сондықтан, сот істі әділ қарайды деп сенеміз.


Қазір бұл іс сотта жабық жағдайда қаралып жатыр. Айыпталушы өгей әке. Оның үстінен жасөспірімге азғындық әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Нұргүл ҚАНАТБАЕВА, БҚО СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Айыпталушы ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі, 124-бабының 2-бөлігімен, яғни сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық және жас баланы азғындық жолға түсіру деген бап бойынша сотқа берілді.

Ажырасуға да арыз берген ерлі-зайыптылар қазір арадағы дүние-мүлікті де өзара бөліске салыпты. Ал айыпталушының жасөспірімге зәбір көрсеткені дәлелденсе, заң бойынша 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Е. Карин