Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» арнасы 10 қыркүйек күні ЭКСПО көрмесінің жабылу рәсімін көрсетеді

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2017
  • 2913

Қыркүйектің 10-ы күні Халықаралық ЭКСПО көрмесі салтанатты түрде жабылады. Дегенмен, ол күні кешкі сағат 8-ге дейін павильондарды аралауға болады. Одан кейін жабылу рәсімі басталмақ.  Оған ғылым мен технология жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымының алғашқы саммитіне жиналған бірнеше елдің президенті де қатысады.  3 айға созылған халықаралық көрменің салтанатты түрде жабылу рәсімін «Астана» арнасынан сағат 20.00-де көре аласыздар. Бұл күні сағат 21:15 отшашу болады.