Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда коронавирустың "жаңа штаммы" анықталды

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2021
  • 2733

Алматыда коронавируспен ауыратын науқастардың бірінен, індеттің мутациясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған, Covid-19 штаммдарын анықтайтын экспресс ПТР-скрининг бойынша анықталыпты. Мутация кеселдің "Британдық", "Оңтүстік Африка", "Бразилиялық" формаларына ұқсас деп отыр.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Мутацияны және оның осы штаммдардың біріне жататынын нақты растау толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады. Ол бір ай ішінде анықталады. Сондай-ақ коронавирустың алдын алу және мутацияны емдеу шаралары қолданыстағы тәсілдерге ұқсас. Демалыс және мереке күндері қарсаңында  індеттің таралуына жол бермеу үшін тиісті сақтық шараларын мұқият сақтауды еске саламыз.

Министр, сондай-ақ, адам көп жиналатын орындарға бармауға, маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтауға шақырады. Жұқпалы дерттен жаппай вакцинациялау ғана құтқаратынын еске салды.

А. Данияр