Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бір уақытта 34 мектепті жармақ болған кім?

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2021
  • 3102

Бүгін Алматыдағы 34 мектепте таң атысымен дүрбелең туды. Белгісіз автор, білім ошақтарына электронды хат жолдап, ақша талап еткен. Талабын орындамағандардың ғимаратында орнатылған жарылғыш затты іске қосатынын да мәлемдеген. Мектеп қана емес, құзырлыларда аяғынан таусылып жаппа жарылғыш зат іздеді. Бұл еріккеннің ермегі ме, әлде оңай ақша табудың жолы ма? Полиция күдіктіні іздеуге кірісті.  

Таң атпай елді дүрліктірген хабарлама, мектептердің электоронды поштасына, кеше түңгі сағат 11 лер шамасында жіберіліпті. Белгісіз автордың хатында «сұраған қаражатымыз берілмесе, білім ордасын жарамыз» деп жазылған. Нөмірі 23-ші мектеп-гимназия директоры, хатты оқи сала үрей билегінін жасырмайды. Бірден  полицияға хабар берген.  

Саида СҮНДЕТОВА, АЛМАТЫ қ. № 23 МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бағымызға орай бүгін оқушылар онлайн режимде оқыды. Мектепте тек 18 адам жүрдік. Олар техникалық қызметкерлер мен ұстаздар. Барлығымыз жүгіріп далаға шықтық. Саперлер бірден келіп, мектепті  тексере бастады.

Ал Қаныш Сәтпаев атындағы білім ордасында ондлайн сабақ шұғыл түрде тоқтатылған. Өйткені мұндай мұғалімдер, онлайн сабақ өткізіп жатқан.

Айнұр НҰРПЕЙІСОВА, Қ.СӘТПАЕВ АТЫНДАҒЫ № 56 ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Бұл бүкіл мектеп ұжымын дүр сілкіндірді. Қасқөйдің жіберген хатынан сабақтарды уақытша тоқтуға тура келді. Біздің жарты күніміз далада өтті. Абырой болғанда, оқушыларымыз үйлерінде.


Мұндай дабыл хатты 34 мектеп алыпты. Полиция барлығына толықтай тексеру жүргізді. Саперлар мен кинологтар мекемелердің бұрыш-бұрышын тінтіп шықты. Тексеріс кезінде ешқайсысынан жарылғыш зат таппаған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Абырой болғанда жарылғыш зат табылған жоқ. Қаламыздағы Полиция Департаментінің жедел іздестіру өкілдері қазіргі таңда бұл хабарламаны жіберген белгісіздің аты-жөнін анықтауға кірісті. Ол міндетті түрде ұсталып, Қылмыстық Кодекстің 273-бабының нормалары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Анықырақ айтсақ, бұзақыға «Терроризм актісі жайлы көрнеу және жалған ақпарат тарату» бабы бойынша тергеу басталды. Ал бұл бабпен 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Ә. Лесбек