Наурыз мерекесіне орай, Алматыдағы 30 отбасы тегін азық-түлік себеттерін алды. Қайырылмылық шарасына қалалық мәслихаттың депутаты Ерболат Қасымов мұрындық болды. Себетке Наурыз көжеге қажетті қоспалар салынған. Мерекелік себет көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедектер мен зейнеткерлерге таратылды. Себеттерден бөлек, азық-түлік сатып алуға арналған сертификаттар да табыстады. Зейнеткер Жаңылхан Ығымбаева, күтпеген тосын сыйға ризашылығын білдірді.
Жаңылхан ЫРҒЫМБАЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР:
Осы үнемі туған күндерінде сертификаттарын беріп, продуктысын аламыз. Құрбан айт кезінде құрбандық шалады. Одан да бізге әкеп тұрып береді. Рахмет. Үнемі алып жатырмыз. Қамқорлық жасап жатыр.
Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүгін 30 отбасыға осындай продукталық корзина алып келдік. Оның ішінде біздің қазақтың ұлттық тамақтары Наурыз көже жасау үшін. Және 10 мыңға арналған сертификат үлкен-үлкен дүкендердер сатып ала алады.
Ә. Лесбек