Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы БАӘ Шейхінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2021
  • 1759

Елбасы, Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты, Біріккен Араб Әмірліктерінің халқына көңіл айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Әмірлік Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянға, Вице-Президентіне, Премьер-Министріне, Дубай билеушісіне жеделхаттар жолдаған. Бұл туралы Elbasy.kz  сайты хабарлайды. Көңіл айту хатында суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ:


"Шейх Хамдан өзінің саналы ғұмырын халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Ол Біріккен Араб Әмірліктері құрылған уақыттан бері жауапты лауазымдарды атқарып, мемлекеттің гүлденуіне қосқан елеулі үлесі арқылы ел тарихында өшпес із қалдырған Отанының көрнекті перзенті. Сондықтан оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінен өшпес орын алатынына сенімдімін".