Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мүлде сатылмауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2021
  • 1791

Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мүлде сатылмауы мүмкін. Шетелдіктерге ғана емес, ел тұрғындарына да. Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшелері осындай мораторий енгізуді ұсынды. Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді дейді.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:


Ауыл шаруашылығы, мал жайылымындағы жерлер жекеменшік емес, тек мемлекеттік құзырында болуы қажет. Бұл біздің геосаяси жағдайымызға байланысты. Әлемдік тәжірибеде мұндай мысалдар бар. Мысалы нарықтық экономикасы дамыған Израильде. Мұнда ауыл шаруашылық жерлері мемлекет құзырында.

Сондай-ақ отырыста азаматтық беру тәртібін қатаңдату керектігі айтылды. Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанның пікірінше елде кемі бес жыл тұрып, алдымен адалдығын дәлелдеуі тиіс.

Мұхтар ТАЙЖАН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:


ҚР азаматтығын беру тәртібін қатаңдатуымыз керек. Өйткені халықаралық тәжірибе бойынша азаматтық алу үшін кейбір елдерде мемлекеттік тілден, тарихынан емтихан тапсыру қажет. Яғни елге деген берігін дәлелдеуі қажет азамат.


Сонымен қатар, қандастарға жердің жалға берілмеуі, сатылмауы туралы түсініктеме берілді. Отырысқа онлайн қатысқан журналист Дәурен Қуат, бұл ашына айтатындай әңгіме емес. Себебі, қандас дегеніміз – уақытша статус - деді.

Ә. Өмірзақ