Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы дәрігерлерге қорғаныш құралдары тегін таратылды

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2021
  • 987

Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана дәрігерлеріне індеттен қорғанатын құралдар тегін таратылды. Қайырымдылық шараға «Nur Otan» партиясы мен Дүниежүзілік «Ахыска» түріктер қауымдастығы бірлесе мұрындық болды. Олар медициналық мекеме қызметкерлеріне 2 жарым дана медициналық маска мен 2 мыңға тарта қорғаныш киімдерін берді.

Зиятдин ҚАСАНОВ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК «АХЫСКА» ТҮРІКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мұндай қайырымдылық шараларан еліміздің бірнеше өңірлерінде жасап жатырмыз. Дәрігерлерге ғана емес, қала тұрғындарына да вирустан қорғанатын дәрі-дәрмектер таратудамыз. Ал бүгін ауруханадағы ақ халаттыларына әкеліп бердік.

Эльвира ИБРАГИМОВА, ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЭҚ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір нағыз вирустың өршіп тұрған уақытында, дәрігерлерге жасалынып жатқан құрмет пен көмек деп білеміз. Сондықтан бүгінгі қайырымдылық акциясын ұйымдастырған жандарға алғысымыз шексіз.

Ә. Лесбек