Русский Сайттың толық нұсқасы

Суэц каналындағы кептеліс әлем экономикасына кері әсер етуі мүмкін - Сарапшылар

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2021
  • 1898

Мысырдың Суэц каналында ірі жүк кемесі тұрып қалып, әлемдегі ең үлкен сауда маршрутының жолын бөгеп тастады. Мұндағы бір күндік кептеліс 10 миллиард долларға шығын келтіреді. Қазір 185 кеме кезек күтіп тұр. Египет билігі қоқыс контейнерін алып тастау үшін барлық күшін жұмылдырған. Десе де, билік жұмыстар бірнеше аптаға созылуы мүмкін екенінен қауіптенеді. Ал сарапшылар, олқылықтың әлем экономикасына айтарлықтай салмақ салатынын жарыса жазуда. Мұның нарыққа қандай әсері бар? Қоқыс контейнері қашан толықтай алынып тасталады? Тақырыпты тілші жалғастырады.

Сыйымдылығы 200 мың тоннаны құрайтын «Ever Green» аталатын аса ірі контейнер, Суэц каналын бөгеп тастады. Бірнеше күннен бері голландиялық Smit Salvage компаниясының қызметкерлері алып кемені жылжытуға тырысып бағуда. Бар жоғы үш күн ішінде 185 кеме, жиналып, су бетінде кептеліс пайда болды. Сарапшылар, тежеліп қалған тасымал, әлем нарығына едәуір кері әсерін тигізіп жатыр,-дейді.

Леон ВИЛЛЕМ, РОТТЕРДАМ ПОРТЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Жеткізу компаниялары клиенттерге берілген уәделерді орындау үшін ең арзан және жылдам маршрутты таңдайды. Шығыс Азиядан келетін барлық тауарлар Суэц каналы арқылы тасымалданады. Арнаның ашылуы бірнеше күнді алады деп үміттенейік. Егер бұл бірнеше аптаға созылса, онда шығын миллиардтарды құрамақ.

Мұндағы бір күндік кептеліс 10 миллиард долларды құрайды. Сарапшылар жеткізілімнен болған шығынды дәл осылай бағалады. Әңгіме Азиядан Еуропаға тасымалданатын мұнай мен тауарлар туралы болып отыр. Тіпті теңіз контейнерін тасымалдау құны бірден 4 есеге қымбаттаған.

Джоанна КОНИНГС, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ:

Бұл халықаралық саудадағы жағдайға айтарлықтай әсер етеді. Мүмкіндігінше тезірек олқылықты шешу керек. Мұндай кідіріс ешкімге пайдалы емес.

Сал МЕРКОЛИАНО, ТЕҢІЗ ТАРИХШЫСЫ:

Қазір кем дегенде мұнай толы 10 кеме өтуге кезегін күтіп отыр. Яғни, жанармай бағасы көтеріледі деген сөз. Электрондық коммерция баяулайды. Бірақ ең бастысы - өндіріс. Германиядағы BMW зауыты Азиядан компоненттерді күтіп отыр және әлі біраз күтуіне тура келетін сияқты.

Суэц каналы жаһандық теңіз саудасының 12% құрайды. Күніне шамамен мұнда 50 кеме өтеді. Алып кемені орнынан қозғалту оңай болмай жатыр. Мамандардың айтуынша контейнерді орнынан жылжытуға бірнеше апта жұмсалуы мүмкін. Ал Ever Given тиесілі жапондық «Shoei Kinsen» фирмасы келтірілген зиян үшін кешірім сұрады. Енді компания келтірілген залалды өз мойнынына алуы тиіс. Тасымал тұралап қалғанымен, Азиядан Еуропаға тауарларды жеткізудің тағы бір жолы бар. Бірақ ол үшін бүкіл Африканы айналып өту керек.

Ғ.Өтемісов