Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде мал дәрігері есірткіні бизнеске айналдырған

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2021
  • 1758

Қостанай полицейлері ірі көлемде есірткі тасымалдаған топтың жолын кесті. Олар Тобыл өңіріне оңтүстіктен заңсыз тауары жеткізумен айналысқан. Қылмыстық топты ветеринар маман басқарып отырған.

Күдіктілерді ұстау операциясы еліміздің 3 өңірінде бір мезетте жүргізілді. Жедел іздестіру шарасы барысында қылмыстық топты басқарған 51 жастағы облыс тұрғыны анықталды. Оның мал дәрігері болып жұмыс істегені белгілі болды. Ветеринар маман өзінің 5 ауылдасын және Жамбыл облысынан 67 жастағы зейнеткерді есірткі саудасына тартқан. Қылмыстық құрамға елордалық тұрғын да енген. Жалпы жыл басынан бері аймақта 130-дан астам қылмыстық іс қозғалып, 17 келі есірткі тәркіленіпті.

Айгүл ЕРӘДІЛОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:


ҚР Қылмыстық  кодексінің 297 бабының  3 бөлімі бойынша, бұл бапта 15-20 жылға дейін немесе өмір бақи бас бостандығынан айыру қарастырылған.


З. Санай