Русский Сайттың толық нұсқасы

Елді дүрліктірген қылмыскер тергеу изоляторына қамалды

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2021
  • 3873

Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді деген күдікті ауруханадан шықты. Өзіне өзі қол жұмсамақ болған Түркістан облысының тұрғынын, полдицейлер бірден тергеу абақтысына әкеткен. Оның өміріне қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Күдікті - оқиға орнына баса-көктеп кірген арнайы қызмет мамандарын көре сала, өзіне пышақ сермеген болатын. Асқан қатыгездікпен жасалған қылмыстық істі, қазір қалалық прокуратура өз бақылауына алған.

Қанат КҮНҒОЖИНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АРНАЙЫ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


Алматы қаласы арнайы прокуратура басқармасымен қазіргі уақытта Еділованы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қылмыстық істі біз өз өндірісімізге алдық. Өте қатыгездікпен жасалғандықтан.


Естеріңізге салсақ, студент Аяжан Еділова 19-шы наурыз күні жұмыстан шығып, қайта оралмаған. Марқұмның жақындары араға екі күн салып, бойжеткеннің бөлшектелген денесін Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен тапты. Бұл қылмыс дүйім жұрттың жағасын ұстатты.

Ә. Лесбек