Елде 1 сәуірден бастап электр энергиясының шекті тарифі 15%-ға артады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов мәлімдеді. Министрлік тарифтің өсуін энергия өндіруші ұйымдардың қаржылық шығынымен байланыстырды. Оның дерегінше электр өндіруші нысандардың 53 пайызының тозығы жеткен. Сондықтанда министрлік тарифті өсіру арқылы, энергетикалық активтердің қайта жөндеуден өтетінін айтты. Айта кетейік, елде 179 электр өндіруші нысан бар, оның басым бөлігі жеке меншік иелігінде. Вице-министр тарифті өсіру арқылы, саладағы олқылықты орнын толтырмақ.
Қайрат РАХИМОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бағаны көтеруде, уақытылы шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды. Мәселен, жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты электр станцияларында жүргізіліп жатқан жөндеу компанияларының сапасы ерекше алаңдаушылық туғызады. Сондықтанда Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 15% деңгейінде болжануда.
Сондай-ақ министрлік салмағы ауыр саланың, айлық жалақысы да көңіл көншітпейтінін мәлімдеді. Бұл өз кезегінде кадр тапшылығына әкеп соқтырған. Министрлік 2016 жылы аталған салада 26 мыңнан астам маман жұмыс істегенін айтты. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 23 мыңнан аспапты.
Б. Сатуов