Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық жылқы соямын деп саусағынан айырылған

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2021
  • 2365

Жылқы соямын деп саусағынан айырылған. Жазатайым жағдай Павлодар облысы Успенка ауданында наурыздың 8-і күні болған. Елордалық тұрғын інісінің жылдық асына жылқы союға барған. Мал сою кезінде бір саусағы жіпке қысылып, жұлынып қалған. Қарлы бораннан қатынас қиындағандықтан, ауруханаға жеткізу мұңға айналыпты.  Сол тұста, nur otan партиясының мүшесі, ауыл әкімі Айнаш Егембайқызы көмек көрсетті деп отыр. Соның бастамасымен 30 шақырымдағы ауруханаға жеткізілген. Осыны айтқан Елжат Әділдібек ауыл азаматтарына алғыс білдіруді жөн көрдім дейді.

Елжат ӘДІЛДІБЕК, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Барғанша жігіттерді ұйымдастырып, жарты сағаттық жол, Успенка ауданына үш сағатта әрең жеткізді. Қаншама азаматтар қолмен күреді.Мені аман-есен алып қалды.Мейрамға қарамай маған қатты көмектесті.Осы азаматтарға мың рахмет, алғысымды айтамын. «Nur Otan»-ның адамдарына да рахмет.


Б. Сатуов