Русский Сайттың толық нұсқасы

Бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова ең ауыр жекпе-жекке әзірленіп жатыр

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2021
  • 2032

Бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова, ең ауыр жекпе-жекке әзірленіп жатыр. Спортшы ресейлік Софья Очигавамен кездеспек. Қыздар арасындағы тартыс, Қазан қаласында сәуірдің үшіне жоспарланған. Фирузаның менеджері ресейшік боксшының да әлем чемпионы екенін айтты. Сондай-ақ, бұл отандасымыз үшін ерекше тартыс болады деді. Өйткені қазақстандық спортшы өзінің карьерасындағы алғашқы жекпе-жекте, аталған спортшы қызға есе жіберіп қойған екен. Содан бері елдің беткеұстар спортшы қызы Фируза Шәріпова, намысты қолдан берген емес. Фируза үш айдан бері осы жекпе-жекке білек сыбана дайындалып жатқанын айтты.  

Сергей ЗАВИЛЕЙСКИЙ, Ф.ШӘРІПОВАНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

Бұл Фирузаның мансап жолындағы ең айтулы жекпе-жегі. Тартыс қос тарап үшін де күрделі болмақ. Жеңіс тұғырынан кімнің көрінетіні әзірге белгісіз. Физикалық және психологиялық тұрғыдан кімнің әзірлігі мықты болады, сол жеңіске жетпек. Фирузаның бұл кездесуге дайын екеніне менің күмәнім жоқ.


А. Құрманкин