Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы тұрғыны жалдамалы пәтерде есірткі дайындап келген

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2021
  • 1678

Алматы тұрғыны жалдамалы пәтерде синтетикалық есірткі өндіріп, сатқан. 27 жастағы жігіт өз үйіне көршілес орналасқан пәтерді жалдап,  «есірткі зертханасын» ашыпты. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің есірткіге қарсы басқармасы хабар таратты.

Біреудің үйін заңсыз зертханаға айналдырған алматылық тұрғынды, арнайы жасақ кинологтармен бірге ұстады. Пәтерді тінту кезінде есірткі жасауға қажетті өнімдер мен заттар табылды. Сот - химиялық сараптама нәтижесінде есірткі күшін жоймағаны анықталған. Құзырлылардың хабарлауынша күдікті «мефедрон» деп аталатын зат өндіріп бөлшек және көтерме сауда арқылы сатып келген. Қазір тергеу басталып, күдікті уақытша қамауға алынды.

А. Қуаш